"Ішетін ырысыңды аяқпен теуіп...": Челленджді қайталаған Ернар Айдар жұртқа жақпай қалды

0
2 745

"Жігіт 8 қырлы, 1 сырлы болуы керек!"


Қолдың көмегінсіз бөтелкені айналып, бір теуіп, бұрап ашу - әлеуметтік желілерді қамтыған жаңа челленджден Ернар Айдар да шет қалмады. Өзін сынап көрген әнші челленджді қайталау оңай болмағанын парақшасында жазған.

Әншінің жасаған челленджіне оқырмандары "Қатырдың, баклашканың түбін қатырып қойып", "Біреу басын кессе кесер ме екен?", "Әнші ғана ма десем Ван Дам ғой", "Несі мықты, дүниені тындырғандай, баланың ойыны. Еріккенше Арысқа барып құрылысқа көмектес, кішкене болсын арықтайсың, үйде отырып алып ерікпей", "Не қызық, ауызға салатын, ішетін ырысыңды аяқпен теуіп ашып, қадірін кетірсең" деген сын пікірлерін қарша боратқан.


Арасында "Жарайсың, жігіт 8 қырлы 1сырлы болуы керек!","Қазақтың жігіттері кімнен кем, жарайсың!", " Киноға түссеңіз болады", "Ой бәрекелді, жарайсың, алтын жігіт Ернар! Намысты қолдан бермедің!" деген оң пікір айтқандар да бар.

Айта кетейік, соңғы аптада бөтелкенің қақпағын теуіп ашу туралы челлендж әлем бойынша таралып кеткен болатын. Оны танымал Голливуд актері Джейсон Стэтхэм де қайталаған еді.

ERNUR.KZ.