“Іштен шыққан жау жаман”: Белгілі журналист Ресейді қолдағаны үшін әнші Бүркітті сынға алды

0
7 194

«Сатқынды "сауысқан" дейді»


“Іштен шыққан жау жаман”: Белгілі журналист Ресейді қолдағаны үшін әнші Бүркітті сынға алды

Белгілі әнші Бүркіт, Айбек Жансейітов Ресей мен Украина арасындағы соғысқа қатысты пікір білдіремін деп тілінен сүрінген сыңайлы. Ол «Ресей мықты ел, мықты болып қала береді. Бұл жерде әркімнің өз шындығы бар. Соғыс деген жақсы емес. Бірақ, мәселенің түбіне үңілу керек» деген сияқты комментарийімен сынға қалды.



Мұны оқыған белгілі журналист Серік Абас-шах парақшасында былай деп жазды:


Әнші Бүркіт журналистің пікіріне өз жауабын айтты.

– Бұл жерде кімнің жау, кімнің жау емес екені үлкен сұрақ. Дегенмен, ағамыз Тараздың тумасы. Жамандыққа шақырмаймыз. Ұрыспаймыз. Ағаларымыздың айтқан сөзіне басымызды иеміз. Ағаларымыз, еліміз аман болсын, жұртымыз тыныш болсын, - деді ол.


Желідегілер: «Ресейге кетсін да онда, Қазақстанда не үшін жүр бүркітсымақ?», «Бүркіт емес сауысқансың», «Әйелі басқа ұлттан ғой, балалары да дүбәра болады енді. Тарихтан Жүсіпбек Аймауытовтың ұрпақтары секілді 3 ұрпақта басқа ұлтпыз деп Бүркіттің тегінен намыстанып бас тартатын болады. Ащы да болса, шындық!», «Сөзім жоқ! Соғыс кезі адамның адамдығы сыналатын уақыт. Берілуге дайын отыр ғой…», «Сатқынды сауысқан дейді» деген сияқты пікірлерін жазуда.