​«Ісік ұйқы безінен өкпеге өтіп кеткен...»: Төреғалидің қарындасы қазақстандық дәрігерлердің қателескенін айтты

0
6 213

«Фариза енді өмірге бұрынғыдай қарамайды»


​«Ісік ұйқы безінен өкпеге өтіп кеткен...»: Төреғалидің қарындасы қазақстандық дәрігерлердің қателескенін айтты

Таяуда ғана қазақстандық дәрігерлер «нейроэндокриндік жүйеде қатерлі ісік бар» деген диагноз қойған Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі «Инстаграмдағы» парақшасына қатерлі ауруға шалдықпағанын мәлімдеді.


«Алла мені құтқарды. Оның бұйрығымен дерт жоққа шығарылды. Елде қауіпті ісік бар екеніне болжам жасаған. Ісік «поджелудокта», одан таралып өкпеге кеткен» деген еді. Ешбір маман ештеңе айта алмады. Түркияға келіп ең мықты деген клиника мен дәрігерлерге тексерілдік. Биопсия алдымен ішектен алынды, одан соң операциямен өкпені тексеру үшін кеудені тесті. Алла ұлық, бәрі таза! Әлі шок күйіндемін, бұны басынан өткізген адамдар ғана шын түсінер.


Адам ертеңгі күні өзін не күтіп тұрғанын тіпті біле алмайды. Бірнеше апта ішінде өмірім осылай өзгеріп кететіндігін еш ойламаппын. Алланың ең үлкен хикметінің бірі де осы шығар, маған көп нәрсені ұғындырды. Бәлкім басынан өтпеген адам түсінбес, бірақ мұсылман әрдайым әр күнін «соңғы күн» секілді сүруі керек екен дер едім. Бұл - ақиқат.



Аудиторияма басынан бастап бөліскенімнің себебі де осы. Жасырып, ешкімге айтпау да ойда болған, бірақ жария етуді Алла жүрекке салып қойды. Сондағы ойым қауымға ескерту, мені себепші етіп Алла қаншама адамға саналы өмір сүруді, парыздарын толықтыруды, иманын күшейтуді, ақиқатты және мәңгі өмірге дайындалу керектігін еске салып жатыр.



Мен үшін тоқтаусыз дұға еткен, тахаджутке тұрған, тіпті Меккеде жүрген жандардың дұға етуін сұраған әр оқырманыма миллиондаған жақсылық тілеп отырмын. Құлазығанда көңілімді көтеру үшін жазған әр хаттарыңыз үшін Раббым еселеп сауап жазсын. Дінімізде қиын сәтте адамды жұбату өте үлкен сауап екен. Әр оқырманымды шынайы жақсы көремін. Енді Фариза өмірге бұрынғыдай қарамайды...
» деді Фариза Төреәлі.


Әншінің қарындасына оқырмандары ақ тілегін жаудырды. «Ешкім онкологиялық аурухананың табалдырығынан аттамасын, аурасының өзі қорқынышты. Аман бол!», «Қазақстанның медицинасы отстой, адамды уайымдатып, әуреге салып, ақшасын шығындап... Сотқа беру керек бұларды!», «Осы қызды көрмесек те жақсы көреміз, аман бол, Фариза!», «Дәл осындай диагноз қойған дәрігеді сотқа беріңіз! Біз сізді қолдаймыз!» деп жазды көпшілік.