​«Иттің зары Құдайға қабыл болса, аспаннан сүйек жауар еді»: Төреғали Төреәлі төрт әйелге қатысты сұраққа жауап берді

0
1 834

«Үйленетін кез келгенде Толқынды іздей бастадым»


​«Иттің зары Құдайға қабыл болса, аспаннан сүйек жауар еді»: Төреғали Төреәлі төрт әйелге қатысты сұраққа жауап берді

Әнші Төреғали Төреәлі әйелі Толқын Тұрарбекқызының «Инстаграмы» арқылы оқырмандардың қойған он сауалына жауап берді.


«Төреғали не үшін Толқынды таңдады?» депті, осы сұрақты маған көп қояды. Тағдыр деген бар, бәрі бірінші Алланың қалауы болды. Сосын жар таңдаған кезде алдымен ата-тегіне қараңдар, ата-анасын көріңдер дейді ғой. Соған мән бердік. Ниетімізге байланысты Алла берді. Нақты мынау нәрсе үшін деп айта алмаймын.


Менің әйеліме «Төреңіздің 4 әйел аламын дегені қаншалықты рас?» деген сұрақ жиі қойылады екен. Жалпы, мен осы әңгімені қозғайын деп, не болмаса соны айтайын деп сұранып сұхбатқа барған жоқпын. Сұрақты шындық детекторы арқылы қойылған соң, өтірік айта алмадым. Негізі Құранда айтылғандай төрт әйел алуға дейін рұқсат етілген. Тағы да қайталап өтейін, егер де менің тағдырыма тағы да әйел алу жазылған болса, оны алмай қоймаймын. Ал тағдырыма жазылмаған болса, мен оны ала алмаймын. Бұның жауабы – осы. «Иттің зары Құдайға қабыл болса, аспаннан сүйек-саяқ жауар еді» деген бар. Менің айтқаным бола беретін болса, мен қазір басқаша өмір сүрер едім» деді Төреғали Төреәлі.


Әнші әйелімен алғаш танысқан кезін де есіне алды.


«Толқынмен бас құрағанымызға тоғыз жыл бопты, бірақ мен оны 15 жылдан бері білемін. Байқоңырдан Алматыға келіп, Талдықорғанда болатын оқушылар, студенттер айтысына барғаннан білемін. Кейін бұл студент боп, оқуға түсті. «Ана тілі аруы» байқауына қатысатын боп, оған таныстыру жазып бергем. Сосын біздің студияда ән жаздырды. Ал енді үйленетін уақыт жеткенде «баяғы қыз қайда еді» деп іздей бастадым. Сөйтіп жүргенде Толқынның інісі үйленіп, тойда ән айтатын өнерпаздар іздеген екен. Бір таныстарым арқылы сол тойда ән айттым. Екі айдан кейін біздің тойымыз болды» деді Төреш.