Үйінде ұлттық киім киіп жүрген Қабатовтың келіншегіне көпшілік сүйсінді

0
2 822

"Ең тамаша көрініс!​"


Үйінде ұлттық киім киіп жүрген Қабатовтың келіншегіне көпшілік сүйсінді

"Әр шаңырақта іңгәлаған бөпенің қоңыр дауысы, сәбидің xош иісі, ананың әлди әні бола берсін!!! Бесік берекелі. Райымбек баламыз раxаттанып ұйықтайды"6 - деп өз парақшасына жазба қалдырып, ұлттық нақышта өрнектелген сандықтың қасында, орамал тартып, камзол киіп, нағыз қазақ келіндеріне тән бейнеде бесіктегі ұлын тербеткен суретін жүктеген Мөлдірге оқырмандары ризашылықтарын білдірді.


"Қандай күшті нағыз қазақтың сұлу келіні. Райымбектің соңынан тағыда бір батыр дүниеге келсін", "Нағыз қазақ əйелі жүрегіңде6 өзің де қарапайымсың", "Керемет, ұлдарыңызға қазақша есім қойғандарыңыз көңілге қонымды, бүгінгі күні арабша, шет тіліндегі аттар көбейіп кетті аман-есен ер жетсін", "Қандай ғажап суреттер! Ұзағынан сүйіндірсін, Мөлдіржан!", "Тіл-көзден таса! Керемет үлгі алатындай отбасысыздар, ұл-кыздарыңыздың рахатын аға екеуіңіз коса картайып көргейсіздер...", "Ең тамаша көрініс! Бесік тербеткен анадан асқан сұлу бар ма!" - деп жазады желі қолданушылары.


Айта кетейік, Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанова үш қыз, екі ұл тәрбиелеп отыр. Елді тамсандырып жүрген жұптың кенжесі Райымбек былтырғы жылы дүниеге келген болатын.

ERNUR.KZ