Қайрат Нұртас әкесінің туған күніне көлік сыйлады

0
2 696

"Мен үшін нағыз еркек, ол - менің әкем"


Қайрат Нұртас әкесінің туған күніне көлік сыйлады

Қазақ эстрадасындағы хитмен әнші әкесі Нұртас Айдарбековтің туған күніне көпшіліктің алдында қымбат көлік сыйлады. Бұл туралы оның досы, әнші Айқын Төлепберген инстаграм парақшасында бөлісті.




Ал Қайрат Нұртастың анасы желіде отағасына арналған құттықтау жазбасын жариялады.

"Бүгін менің өмірлік серігім, арқа сүйер асқар тауым, Нүрекемнің туған күні. 34 жыл қаншама қиыншылығымен қатар қуанышты күндерді бірге сүрдік. Аллаға сансыз шүкір, осындай нағыз ер мінезді, ақ жүрек азаматыммен, соңғы деміміз біткенше бір жастықта абыроймен қартаюды, енді Заңғар ұлымызды үйлендіріп, ұлдарымыз, келіндеріміз аман болып, көп немерелер сүйіп, шөбере-шөпшек сүюді Алла жазсын! Туған күніңмен Нұрекем!", - деді Гүлзира ханым.

Желідегі оқырмандар Айдарбековтер әулетінің қуанышына ортақтасып, "Құтты болсын!" айтуда.