Қайрат Нұртас: "ХАЛҚЫМНЫҢ ҚАНЫ ТӨГІЛСЕ, ҚАРАП ҚАЛМАЙМЫН"

0
5 709

Әнші қамалғандарды босатуды сұрады.


Қайрат Нұртас:

фото: ашық дереккөзден

Әнші Қайрат Нұртас халықтың билікке наразылық танытып, көшеге шыққандығы жөнінде пікір білдірді. Ол халықтан кешірім сұраймын деп ішкі істер органынан бір-ақ шыққан ақын Ринат Заитовпен бірге қамауға алынған азаматтарды босатуын сұрады. Бұл туралы әнші инстаграмдағы өз парақшасында жазба қалдырды.

Әншінің бұл ойына оқырмандардан келген түрлі пікірлер себеп болған көрінеді. Ешкімнің де жақтаушысына айналмаймын деп ақталған хитмен қан төгілсе қол қусырып жатпайтынын ашып жазыпты.

" Иә, мен әншімін. Бұл менің бала-шағамды асырап отырған жұмысым. Осы уақытқа дейін ешкімнің жағына шыққан адам емеспін, себебі халықтың тыныштығы мен үшін ең маңыздысы. Алайда, соңғы жаңалықтарға байланысты айтарым, халқымның қаны төгілсе қарап қалмаймын. Өйткені мені көтерген халық! Елімде болып жатқан жайттардан жүрегім ауырғаннан бей-жай қарап, үнсіз отыра алмаймын. Бірақ, 1986 жылғы оқиғаның, қазағымның қанын төгілгенін де қаламаймын. Құдай сабыр берсін! Биліктегілерге халықтың мұң-мұқтажын еститін кез келді. ҚР Конституциясына сәйкес мемлекеттің ең бірінші байлығы ол - ХАЛЫҚ, Халыққа қарсы шығу, ол Аллаға қарсы шығумен тең. Осы орайда Үкіметтен БАРЛЫҚ ЖАН АЙҚАЙЫН ЖЕТКІЗІП, ҚАМАЛҒАН БАУЫРЛАРЫМДЫ, ХАЛЫҚТЫ БОСАТУЫҢЫЗДЫ СҰРАЙМЫН! Бұл дүниеде барлығы да Алланың қалауымен болатынын естен шығармағанымыз абзал..." ,- деп жазды әнші өз ойын.

Сондай-ақ, Қайрат Нұртас елді, көпшілікті сабырға шақырды. Ашуға салынбай, байыппен қарауға үгіттеді. Ал, оқырмандар тарапы сүйікті әншісіне деген өкпесі бар секілді.

"Тынышталған соң өтірік жаза салдыңдар ма? Бәрің сол кезде жазсаңдар қайда қалдыңдар", "Осы жазған постыңды жоғарыдағылар оқиды деп ойламаймын...." , "Халыққа жаның ашиды екенсің, халықты қолдайтын болса, дәлелде. Халықты жақсы көретініңді", - деп көп оқырман пікір қалдырыпбы әншінің бұл жазбасының астына.

ERNUR.KZ