Қайрат Нұртаспен бір көлікте отырған Серікбол Сайлаубек қорқып кетті

0
2 989
Жанынан Қайрат Нұртасты көрген Серікбол Сайлаубек неге қорықты?

Қайрат Нұртаспен бір көлікте отырған Серікбол Сайлаубек қорқып кетті

Көлікте Қайрат Нұртаспен бірге отырған Серікбол Сайлаубек қорқып, "айқайлап" жіберді.

Әнші "Ой, мама жанымда Қайрат Нұртас отыр ғой" деген видеосын өзінің желідегі парақшасына жүктеп, "Алтын бауырым шаршамаш" деп жазды. Жүктеген видеосында Қайраттан қорыққан адам болады да, артынша күліп "Досым ғой..." деген.

Бірақ Қайрат бұрынғыша сабырлы қалпы, "Сәттілік , бауырым! Мамаңа сәлем айт. Шаршадық, жұмыс, жұмыс, жұмыс... Өмір деген күрес!"-, деп салмақты үн қатады. Жазбадан екі әншінің әзілдескені байқалады.

Дегенмен, оқырмандар олардың бұрынғы әрекеттерін ұмытпаған сияқты... Өйткені жазбаның астына "Кезінде хит болдыңдар, я екеуің шыңқылда деп қойып", "Екеуіңді көрсем баяғы тірліктерің есіме түсіп кетеді" деген сияқты пікірлерін жазып, Сайлаубекке Қайратты жаман жағынан түсірмеу керек екенін ескертеді.

Естеріңізде болса, бірнеше жыл бұрын Қайраттың дөрекі сөйлеген видеосын Серікбол түсіріп, желіге салып жібергені үшін дау болған. Бірақ Сайлаубек ол видеоны желіге өзі жүктемегенін айтқан еді.


Фото-видео: serikbol_sailaubek

ERNUR.KZ

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет