"Қайраткер емес, мәңгүрт деген атақ беру керек": Тәуелсіздік жайлы дым білмейтін әншілер

0
3 273

Әншілер арасында егемендік алған жылды білмейтіндер де бар боп шықты.


Белгілі журналист әрі тележүргізуші Мұхит Сапарабаев жүргізетін «Oybay Show» бағдарламасында еліміздегі атақты әншілергеТәуелсіздік туралы сұрақ қойылды. Бір қызығы, журналистің егемендік алған жыл жайлы сұрағына мүдіріп қалғандар кездесті.

Тәуелсіздік алған уақытты Роза Рымбаева ойланыңқыраса да соңында дөп басып жауап қатты. Ал Жеңіс Ысқақова мен Меруерт Түсіпбаева секілді бірнеше әншінің мұрнына егемендіктің иісі де бармаған сыңайлы. Тіпті, Ысқақова бұндай сұрақтарды ұнатпайтынын да ашық айтты.

Желі қолданушылары әншілердің бұл қылығын білімсіздікпен байланыстырып, түрлі ауыр сөздер жазды.