"Қайтсек, көңілдеріңізді табамыз?": Орысша ән айтты деп сынағандарға Қайраттың анасы жауап берді

0
4 629

Танымал продюсер сыншылдарға жауап жазды.


Ұлына продюсерлік ететін ханым Қайрат сахнаға шыққалы оның ыстық-суығына өзі төзіп жүр десек артық айтқандық емес. Өйткені Қайратқа айтылған сын оған да тимей өтпейтіні анық. Бірақ продюсер тыңдармандарының талап-тілектерін ескеріп, үнемі жауап беріп отырады. Бұл жолы продбсер Қайрат пен кіші ұлының орыс тілінде ән айтқанын сынаған халыққа жуабын инстаграм желісінде жариялады.

Гүлзира Айдарбекова: "Былай тартсаң өгіз өледі, былай тартсаң арба сынады" демекші, 12 жыл бойына, жастар шет елдің әндеріне ағыс алып кетпесін, Қазақы болмысымыздан алшақтамасын, сол Қазақшылығымызды сақтап та талай биіктерді бағындыруға болатынын дәріптеп, жастарға үлгі болсын деген ниетпен, талай асуларды Қайроштарыңыздың бағындырғанына куәсіздер. Бірақ, орысша айта алмайды, мамбет деген мысқылдар да аз болған жоқ. Продюсері өз анасы мен болғандықтан, өзінен бұрын менің жүрегіме салмақ түсіп жатқаны талай рет Қайратымның жүрегін қан жылатқаны мағанда оңай болған жоқ."Күндестің күні қоңырау, соңымнан еріп әлі жүр" деп әніне қосып айтып та жүрді, әрине ол әнге мән беріп ойларын өзгертсе жақсы күншілдердің... Ал енді орысша айтып еді, неге орысша айтады деп, ренжіп отырғандар да бар. Қайтсек, көңілдеріңізді табамыз. Саxна болғандықтан арасында айтып жатса ештеңе етпес. Себебі: Россияның біраз жерлері шақырту жасап, дайындалып жатқан жайымыз да бар. Ал қара көз жеткіншектерімізге жол көрсетіп, Қазақи бағыттарға жетелеуге біраз жоспарларымыз да жоқ емес. Шамамыз жетіп жатса, алдағы уақытта, Қайратымыз деп осы уақытқа дейін қолдау көрсеткен xалқымыздың жеткіншектеріне саxна төріне шығуларына біраз іс-шаралар жасасақ деген үмітіміз бар. Алла, тек амандық берсінші баршамызға!".

Мұны оқыған жанкүйерлерінің пікірі екіге жарылды. Бірі Гүлзира ханымға қосылып, "Дұрыс айтасыз. Адамдар Қайраттай,болғанды көре алмайды. Өзім жақсы көремін. Мақтан ете аламын! Отбасыңызды Алла тіл көзден сақтасын.Алла өмірін берсін, өзі сондай тəп-тəтті", "Барлық адамдардың көңілінен шығу мүмкін емес,сондықтан тек алға!" деген пікірмен келісіп жатыр. Енді бір тарап Қайратқа басқа тілде ән айтқан жараспайтынын және соңғы әнінің мағынасы жоқ екенін айтқан.

Фото:kair_n

ERNUR.KZ

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет