"Қалың малым 5 миллион" әні хитке айналып үлгерді

0
2 792

«Ей, қазақтың баласы, қалың малға қарашы!»


«Қалың малым 5 млн» әнінің орындаушысы – «Qoslike» жобасының экс-қатысушысы Ақбота Исмаил. Ақботаның бұл әнінің жарыққа шыққанына небәрі бір-ақ апта болғанымен, хитке айналып үлгерді. Өйткені, ол желіге салынған алғашқы секундтарда-ақ көптеген қаралым жинады. Осы уақытқа дейін Youtube-те 35 мыңға жуық қаралым жинап, 1000-ға жуық желі қолданушысы жүктеп алыпты. Аталған әнде мынадай жолдар кездеседі:

«Қазақ қызы мен деген,

Қазақ қызы сен деген,

Теңдесі жоқ сұлумыз,

намыстарын бермеген,

Бағалама біздерді

доллар, рубль, теңгемен,

фунт, стерлинг, евромен.

Ей, қазақтың баласы,

қалың малға қарашы,

Біздің елдің қызының

биік болсын бағасы.

Қайырмасы:

Бұл әнім – алмаса да «Грамафон»,

Жаңғыра жібермей ме қалтафон.

Біздерді іздеп жүрген Купидон,

Ай-ай, қалың малым 5 миллион».

Ақботаның тыңдармандары арасында «Керемет айтылған. Бір жерді тесіп шығасың!», «Қазақтың қызы ғой, достойно 5 млн-ға!», «Негізі маған Ақбота ұнамайтын, алайда мына әні күшті екен, барша қазақ қыздарының бағасы биік болсын!» деген сияқты пікірлер айтылып жатыр.