«Кәмшат Жолдыбаева – 6 млн, Заттыбек Көпбосынұлы – 100 мың теңге»: Блогер әншілерге миллиондап ақша шашатын әкімді сынға алды

0
1 390

«Бір ұшақ әртістің құны 50 миллион теңгені құрапты-мыс»


«Кәмшат Жолдыбаева – 6 млн, Заттыбек Көпбосынұлы – 100 мың теңге»: Блогер әншілерге миллиондап ақша шашатын әкімді сынға алды

Таяуда ғана Қызылорда облысының әкімдігі құрылысшылар күніне орай үлкен концерт өткізіп, бір ұшақ әртісті 50 миллион теңгеге шақырыпты-мыс. Бұл туралы белгілі журналист, блогер Ербол Мәндібек әлеуметтік желідегі парақшасында тәптіштеп жазды. Блогердің айтуынша, Қызылорда облысын басқарған Нұрғисаевтан Нәлібаевқа дейін әртісқұмар екен.


«Кәмшат Жолдыбаева (4-6 млн), Ерке Есмахан (3-5 миллион), Мәдина Сәдуақас (3-4 миллион), Заттыбек Көпбосын (100 мың теңге), Асан Пердешев (70-80 мың теңге), Қайрат Нұртас (7-8 миллион), МузАрт (6-7 миллион), Мейрамбек жалғыз өзі (5-6 миллион), Сәкен жалғыз өзі (5-6 миллион), Кәмшат Жолдыбаеваны екінші рет шақырса (8-9 миллион), Ерке Есмаханды екінші рет шақырса демеуші тіпті қиналып қалады», - дейді Ербол Мәндібек.


Журналист мұның бәрін бекерден бекер жіпке тізіп отырмағанын айтады.


«Осы тізімдегі әншілер биыл Қызылордаға неше рет келіп кетті? Күні кеше құрылысшылар күніне орай тағы бір концерт өтіпті. Әкімдіктегілер "біз бір тиын шығарған жоқпыз, барлық шығынды демеушілер төледі"- депті.

Жаңа оқу жылына балаларына киімге ақша жеткізе алмай отырған Қызылорда жұртына мынандай сұрақ: Қызылордаға келген әншілерге жиі-жиі миллиондап ақша төлейтін демеушілер кімдер болуы мүмкін? Болжамды аты-жөндерін білесіздер ма?

Қызылорда Облысының Әкімдігі мынандай қиын заманда демеушінің есебінен қайта-қайта концерт өткізген дұрыс па? Себебі, демеуші де халыққа жалақы төлеп отырған бизнес субьекті. Әртістерге миллиондап ақша төлеп жүрген демеушілердің аты-жөнін халықтың назарына ашық айтыңыздар!» - деді ол.