"Қандай ана туды екен?": Баян Алагөзова қос қызымен мақтанды

0
5 466

Желі қолданушыларына Баянның қыздарының образы ұнай қоймаған секілді


Отандық танымал продюсер әрі актриса Баян Мақсатқызы қос қызының фототүсірілімі барысын видеоға түсіріп, көпшілікпен бөліскен. Анасы қыздарының сұлулығынан тәнті болып, таңданысын жасыра алмаған.

Айсәуле мен Айару Бақытбектің видеосы Баян Алагөзованың Instagram парақшасында жарияланған.



"Қандай ана туды екен?", - деп жазған Баян қыздарын расымен өзі туғанына қатты таңғалған. Анасы мақтанғанымен, видеодағы жартылай жалаңаш қыздарға желі қолданушылары сыни пікір жазған.


"Мынан екеуі не істеп тұр?", "Сатылымға қойған секілді", "Киім киіп не керек?", "Базар жоқ, кім тәрбие беріп жатыр?", - деп, қыздардың киіміне шүйліккен оқырмандардың қарасы көп.


Баянның жазбасынан бұл түсірілімнің әйелдер киім коллекциясын жарнамалау мақсатында ұйымдастырылғанын байқауға болады.