«Қаржылық жағдайы нашар»: Бесбаев орындаушылар одағына төраға болды

0
2 014

Танымал өнер иесін тек әріптестері ғана емес, тыңдарман қауым да бірден қолдаған.


«Қаржылық жағдайы нашар»: Бесбаев орындаушылар одағына төраға болды

"МузАрт" тобының беделді мүшесі, танымал әнші, қазақ эстрадасының королі атанған Мейрамбек Бесбаев, Қазақстан орындаушылар одағының басқарма төрағасы болып сайланды. Елімізге танымал өнер өкілдері әншіні бірауыздан қолдап, дауыс берген.

Мұндай маңызды жаңалықты Мейрамбек Бесбаев өзінің Insragram желісіндегі парақшасында бөлісті.

"Бүгін өнерде жүрген барша әріптестерім ұсыныс жасап, бірауыздан дауыстарын беріп, мені Қазақстан орындаушылар одағы (КОУПИС) басқарма төрағасы етіп сайлады.Біраз жұрт біледі, қазіргі таңда бұл қоғамдық ұйымның қаржылық жағдайы нашар, біраз құрылымдардың алдында қарызы бар, әншілер мен ән өндеушілердің алдында беделі де төмендеп кеткен. Бірлестік тарихындағы осындай ауыр кезеңінде әріптес-достарым мені басшы қып сайлап отырғаны - маған сенгенінен деп қабыдап отырмын. Әрине, мұндай ұйымға жетекшілік ету маған үлкен жауапкершілік артатынын мен жан-дүниеммен жақсы сезініп әрі түсініп отырмын. Мен ешқашан басшылық қызметке ұмтылған адам емеспін. Мұны бір сахнада жүрген әріптестерім мен қадірлі тыңдармандарым да жақсы біледі. Менің мақсатым - ұйымның жұмысын жақсарту арқылы қазақтың төл өнерін дамыту, өнерде жүрген әншілердің құқықтарын қорғап, тиісті шаруаларын шешу боп отыр. Маған сенім білдірген әріптестеріме мың алғыс айта отырып, болашақтың алдында жүзіміз жарық болу үшін, бірлесе жұмыс жасауға шақырамын! Бірлік бар жерде, алынбайтын асу жоқ, шешілмейтін мәселе жоқ. Сол себептен, қазақ өнерінің дамуы үшін тізе қосып, бірлесе қызмет етейік демекпін", - дейді әнші желідегі жазбасында.

Танымал өнер иесін тек әріптестері ғана емес, тыңдарман қауым да бірден қолдаған. Олар Мейрамбектің мұндай жауапты жұмысқа лайықты екенін алға тартып, алдағы жұмыстарына сәттілік тілеп, жазба астына жүрекжарды тілектерін жаудыруда.

Еске сала кетсек, Мейрамбек Бесбаев былтыр Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың штаттан тыс кеңесшісі қызметіне кіріскен болатын. Енді оған ән айтудан бөлек, кеңесші және одақ төрағалығы қызметі қосылып отыр.

ERNUR.KZ