"Кәусардан кейін бала көтермеңіз" деді": Төреғалидың жары үлкен қызының сырқаты жайлы айтты

0
2 126

Әнші Төреғали Төреәлінің жары Толқын Тұрарбекқызы үлкен қызы Кәусардың сырқаты туралы айтты.


Бұл туралы ол әлеуметтік желіде бөлісті. Кәусардың анасы басқа аналарға мотивация әрі ақыл-кеңес беру мақсатында сырын ашып айтты.


Толқынның айтуынша, Кәусардың сырқаты оның психологияға келуіне және Алламен байланысына ерекше әсер еткен. Ол қызына толыққанды перзент ретінде қарайтынын жазды. Осыған қатысты бір оқиғамен бөлісті.



"Қарап отырсам, Кәусарды емдетіп жүргенде аяғым ауыр не шақалақтарды емізіп жүрген екенмін. Одан бөлек жар, келін жауапкершілігі бар. Осының бәріне қалай үлгердім екен деп ойлаймын. Демек, Алла әр адамға көтере алатын сынақ береді. Сынаққа сабыр етсең, сыйым бар деген Аллаға тәуекел еткеннің бірі менмін", - деп жазды ол.



Тіпті, дәрігерлер Толқынға Кәусардан соң "бала көтермеңіз, тағы да сондай бала туылуы мүмкін" деп болжаған. Алайда Аллаға тәуекел етіп, дүниеге келген балаларының Кәусарға деген мейірімі ерекше екенін ашылып жазды.



"Дәрігерлер Кәусардан соң "бала көтермеңіз" деді. Алайда Аллаға тапсырып, Алладан сұрауды үйренгенмін. Алланың құдіреті, шақалақ баламен қытайдың емханаларында жатамыз, ауырып қалады-ау деп ойламаппын. Олар да ауырған емес" деді ол.


Сондай-ақ, Толқын Тұрарбекқызы үлкен қызы Кәусардың жаңа жылдық шыршаға барған видеосымен бөлісті. Желі оқырмандары Кәусарға жылы лебіздерін білдіріп, "Алла шипасын берсін", "Дұға етіп қоямыз" деп шынайы көңілдерін жазған.