Қазақ жігіті «Әлем мистері» халықаралық байқауында әділ қазыларды гитарада ойнап тәнті етпек

0
1 510

Елордалық Әділбек Нұрақаев Манила қаласында өтетін "Әлем мистері" байқауына шақырту алған.


Қазақ жігіті «Әлем мистері» халықаралық байқауында әділ қазыларды гитарада ойнап тәнті етпек

Араға 10 жыл салып Қазақстан әлемдік деңгейдегі жігіттің сұлтаны байқауына қатысады.


«10 жылдан соң Қазақстан »Әлем мистері« бүкіләлемдік байқауына қайта оралды. Ағымдағы жылдың 15 сәуірі мен 15 шілде аралығында аталмыш байқауға қатысушы үміткерді анықтау мақсатында ұлттық іріктеу өтті. Іріктеу нәтижесінде 32 үміткердің ішінен астаналық 21 жасар студент Әділбек Нұрақаев Қазақстанның атынан »Әлем мистері« халықаралық байқауына шақырту алды», - деп жазылған «Mister Kazakhstan»-ның Instagram парақшасында.


Әділбек sputniknews.kz сайтына берген сұхбатында байқауға қатысудағы мақсатын айтқан.

"Мен Филиппин еліне барып, әлемге Қазақстанда модельдік бизнестің жақсы дамығанын көрсетуді көрсеткім келеді. "Әлем мистері 2019" - бұл тек сұлулық байқауы емес. Онда талантың және физикалық дайындығың сынға түседі", - дейді ол.

Әділбек өзін барлық нұсқаға сай келемін деп есептейді. Ол байқау кезінде әділ қазыларды гитарада ойнап тәнті етпек. Ал, нақты қандай әнді орындайтынын ашып айтпаған.
"Мен "Топ-10" кіремін деп есептеймін", - деді Әділбек Нұрақаев өз сұхбатында.

Халықаралық байқау тамыздың 6-сы мен 24-і күндері Филиппин астанасы Манила қаласында өтеді. Байқауда әлемнің 80 елінен келген жігіттер бақ сынайды.

ERNUR.KZ