"Қазаққа тидім, бірақ бақытты болған жоқпын!": Cәуле Жанпейісова өзге ұлтқа тұрмысқа шығу туралы ойын айтты

0
991

"Ұлтты сақтайтын - қыздар" - дейді әнші.


Дәстүрлі әнші Сәуле Жанпейісова "Қыздар-ай" бағдарламасында қонақ болып, өзге ұлтқа тұрмысқа шыққан қыздар туралы ойын айтты.

Бағдарламаға өзге ұлтқа келін болған қыздар да келді, олар өзінің бақытты екендіктерін айтып, таңдауларына өкінбейтіндіктерін жеткізді.

Ал дәстүрлі әнші оларға бақыттан бұрын, ұлтты ойлауы керегін ескертті. "Жүрегім ауырады, ұлтты ойламайтын қыздарға! Мен де кезінде қазақ жігітке тұрмысқа шықтым. Бірақ бақытты болмадым, бірақ халқымнан кеткен жоқпын. Ал кетіп жатқан қыз қаншама?!" деді.


Әншінің ойымен студиядағы қыздар аса келіспейтінін, олар адамдарды ұлтқа, дінге, статусқа қарап бөлмеуге шақырды. Сондай-ақ Жанпейісованың әріптесі, актриса Фариза Ескермес "Менің дінім - махаббат" деп әйелдерді тек махаббатпен тұрмыс құруға шақырды.

Ал сіз қандай ондайсыз?