«Қазақстанда тұңғыш рет босанған транспын»: Тележүргізуші Гүлмира Әбіқай қалай босанғанын айтты

0
13 247

«Маған босануға ҚР заңмен тыйым салынған»


«Қазақстанда тұңғыш рет босанған транспын»: Тележүргізуші Гүлмира Әбіқай қалай босанғанын айтты

Белгілі журналист, КТК арнасындағы «Дау-дамайсыз» бағдарламасының жүргізушісі Гүлмира Әбіқай дүниеге шекесі торсықтай ұл әкелді. Қашанда эфирде жүретін тележүргізушінің жүктілігін байқамай да қалған оқырмандары оның босанғанына күмәнмен қарап жүр. Тіпті, жекесіне «Суррогат ана босанды, өзі емес», «Рас па?», «Пранк шығар» деген сияқты хаттар легі толастамапты.

Осындай екіұдай хаттарға Гүлмира Әбіқай былай деп жауап берді.



Желідегілер тележүргізушіні құттықтап, бірі сеніп, бірі сенбей пікір қалдыруда.

"Дұрыс жасадыңыз, бәрі әдемі болды. Жарияға жар салып, күйеуіне ішін ұстатып, ұл-қыз деп пати жасамай-ақ, Алла батыр берді", "Әжеміздің батасы қабыл болған екен. Бөпеңіздің бауы берік болсын. Артынан тағы бауырлары ере берсін!", "Гүлмира, кім не айтса, оны айтсын. Жер бетінде қаншама адам бар, сонша пікір бар. Балапанның өмір-жасы ұзақ, дені сау болсын. Аман бол, қуаныштымыз!" деп жазды.