"Қазақстаннан аппарат сатып алып жатқан бірінші адам екенмін" - Айнұр Тұрсынбаева

0
2 385

Айнұр Тұрсынбаева Түркиядан тыныс алу аппаратын әкелді.


фото:инстаграм парақшадан

Қазақстандық танымал айтыскер, ақын Айнұр Тұрсынбаева қазіргі жағдайға бей-жай қарай алмай, Түркиядан 20 тыныс алу аппаратын және қажетті дәрі-дәрмектерді алғанын айтты. Бұл туралы ол instagram парақшасында жазды.

Айнұр Тұрсынбаева өзінің Түркиядан тыныс алу аппаратын сатып алған алғашқы қазақстандық екенін айтқан және елге көмек қолын созбаған отандық қалталы кәсіпкерлерге ренжулі екенін жеткізген.

"Бүгін менің сабағым басталу керек еді, басталмай қалды.. Ертең 22.00-де басталады бұйырса... Себебін айтайын...Түркиядан @aidyn_nury_qory арқылы 2 миллионға дәрі-дәрмек әкелетін боп шешкенімізді айтқанбыз..5 мыңға жуық пікірді оқып жағдай біз ойлағаннан да жаман екенін түсіндік.. Өкінішті, дым жоқ екен бізде.. Сонымен мұсылман бауырлар қосылып, қордың ақшасынан алып, өзім қосып жатып ақшаны 6 миллионға көбейттік..! 6 МИЛЛИОН! Бұл ақшаға 20 тыныс алу аппаратын сатып алып жатырмыз.. Артылған ақшаның бәріне парацетомол, аспирин, маска алынатын болды.. Барлығы шалғайдағы өлім-жітім көп болып жатқан аудандарға жеткізіледі бұйырса! Менің үлкен завод,фабрикам жоқ.. Қырғын бизнесмен емеспін.. Менің бір өзім осынша аппарат жіберіп жатқанда қалталы азаматтар бұдан да көп көмек көрсете алады ғой.. Бізде Түркияны түбімен сатып ала алатын байлар көп емес пе?!Қырғызстан 1 күнде 800 аппарат сатып алып кетіпті!!!! Өзбекстан күніне бәлен жүз сатып алып жатыр екен..Қазақстаннан аппарат сатып алып жатқан мен бірінші адам екенмін..Мұның бәрін өткізудің өзі бір ақырет екен, әрі қып-қызыл ақша! Тіпті ақшаң болса да аппарат алып өте алмайсың.. Осы машақатты мойындарына алып, барлық шекараның шығынын өтеп азаматтық танытқан Стамбулдағы бас консулдықтағы азаматтарға, @kzembassytr Әлім ағамыз бен Еркеғали бауырымызға Алла сауаптан жазсын! Еліміздің Сыртқы Істер Министрлігі деп жанашырлық танытып үлкен көмектерін көрсетіп жатыр..Осы аппараттардың әуресімен @satjan_toktarbay екеуміз шапқылап жүріп сабаққа уақыт жеткізе алмай қалдым. Кешіріңіздер.."- деп жазады Айнұр Тұрсынбаева.

Әлеуметтік желі қолданушылары ақынның игі ісіне рахметтерін айтып,алғыстарын білдірген.