"Қазақтың ұлттық киімін қорламаңдар!" - Гүлмира Ізбасқанованың ерсі қылығы көпке ұнамай қалды

0
4 550

Гүлмира Ізбасханова қасындағы қызбен қазақттың ұлттық нақыштағы киімінде отырып, ерсі қылықтар көрсеткен.


фото кадрдан скрин

Өзінің ерекше стилі, дауысы, образымен танылған әнші қыз Гүлмира Ізбасханованың ұлттық киім киіп түскен видеосы көпшілікке ұнамай қалды.

"Бір сызылып қыз болайыншы деп едім маскам ұшып кетті. Не болды, пизоор" - деп жазады Гүлмира.

Кадрда Гүлмира Ізбасханова қасындағы қызбен қазақттың ұлттық нақыштағы киімінде отырып, ерсі қылықтар көрсеткен.

"Жынды адам сияқты, не істеп отыр. Ұлттық киімді киіп алып, қорламаңдар", "Масқара. Қазақша көйлек киесің, күлкің не, кімді мазақ етіп отырсыңдар. Өздеріңді ме, жоқ үстеріңе киген көйлек, қамзолды ма", "Қыздар ұлттық киім киіп шыққан екенсіңдер, соған лайық ең болмаса өздеріңді сәл ғана сыпайы ұстасаңдаршы. Ойларыңа келгенді істеңдер, бірақ ұлттық киім кимей-ақ істей берсеңдерші", "Гулмира кешіріңіз, бұл қүлкіңіз орынды емес. Ұлттық киімді жалаңаш киіп отырғанмен бірдей. Күлдіремін деп күлкі болмаңыз. Сыйыңызды жоғалтып аласыз" - деп жазады оқырмандар.