"Келіншегің бар емес пе?": 16 жасар қызды алып қашамын деген әнші жігіт сынның астында қалды

0
2 373

Ауыпбаев өзі құшақтап тұрған аруды елден жасырғысы келіп, оның бетін жауып қойған.


"Меломен" тобының экс-әншісі Жігер Ауыпбаев "16 жастағы" хиджабтағы қызды алып қашқысы келетінін айтып, орамалды қызбен түскен фотосын Instagram парақшасына жүктеп, екі ойлы жазба қалдырған.

Ауыпбаев өзі құшақтап тұрған аруды елден жасырғысы келіп, оның бетін жауып қойған.

"Сен менің Королевамсың, Мен сенің Королің болам десем, "Ағай,ағай" дей береді. Қарындас қалай,қалай,қалай? Қойсаңшы күнім "ағайламай" Ағаң боп жүріп сүйіп қалдым. Мен абайламай десем сынбай жатыр. Алып қашайын ба? Жасы 16 да" , - деп жазады әнші парақшасында.

Желі қолданушылары әншінің бұл қылығын құптамай, оған сыни пікірлерді қарша жаудырған.

"16-жастағы туған қарындасыңызды берер ме едіңіз күйеуге, обал емес пе, енді мектеп бітірген шығар.." , " Ұялмайсыз ба жап-жас кызга көз салуға", "Алып қашпа, жасы 18-ден ассын ең болмағанда" , "16 деген бала ғой, 18-ге келсін жоқ дегенде" , "16 жастағы қызды алып қашсаң, заңды түрде қылмыс жасаған боласың" , "Жігер, қайда алып қашпақсың? Өз келіншегің бар емес пе?" , "Сен үйленгенсің ғой. осы әншілерге таңқалам. Әйелдері қалай шыдайды екен" , - деп жазуда көпшілік.


ERNUR.KZ