Келіншегінің туған күніне Төреғали ерекше сый жасады (видео)

0
14 583

Әнші өзіне 4 перзент сыйлаған жарына арналған сыйлығын көрсетті.


Келіншегінің туған күніне Төреғали ерекше сый жасады (видео)

Әйелін туған күнімен құттықтаған видеосын Instagram парақшасына жариялаған Төреғали Төреәлі көпшіліктің көңілінен шықты.

Видеодан «Менің келіншегімдей» деп әндеткен Төреғалидың алып гүл шоғын ұстап, үйіне қарай беттеген сәтін көруге болады. Сонымен бірге, ол келіншегіне сыйлығын берген сәті мен ұзату тойындағы, бірге жүрген кездердегі бейнежазбаларды жинап, әсерлі видео жасаған.


Әншінің қарындасы Фариза Төреәлі де өзінің әлеуметтік парақшасында жеңгесін отбасы мүшелерінің қалай құттықтағанын көрсеткен видео жүктеген.

Желі қолданушылары да Толқынға арнап ақ тілектерін жаудыруда. Өнер иесінің отбасындағы қуанышына ортақтасқан көпшілік: "Әр әйелге үлгі болатын келін ғой", "Жарайсың, бауырым! Әр жігіт келіншегін осылай сыйласын", "Женгенің туған күні құтты болсын, Төреш аға! Толқын жеңгеге Алла екі дүниенің бақытын берсін. Денсаулығы мықты болып, өмірі ұзақ болсын. Төреш аға екеуі бақтты болсын! Әумин", - деп тілек білдірді.

ERNUR.KZ