​«Кеудеңді жаппайсың ба?»: Ашық-шашық киініп суретке түскен Мәдина Сәдуақасова оқырмандарына жақпай қалды

0
331

«Қартайғанда қылық ашты» деп пікір білдіргендер де бар.


​«Кеудеңді жаппайсың ба?»: Ашық-шашық киініп суретке түскен Мәдина Сәдуақасова оқырмандарына жақпай қалды

Басына орамалды ерекше үлгімен орап, иығы мен кеудесін ашық қалдырып суретке түскен танымал әнші Мәдина Сәдуақасованы желі қолданушылары сынға алды.

Апта бұрын салынған әншінің фотосына пікір айтқан оқырмандар көп болыпты және дені оның бұл образын құптамаған екен. Бірі «Кәмшат Жолдыбаваға ерді» десе, енді бірі «қазақ қыздарына үлгі болатын жаста» екендігін айтып, жаратпай тастаған.

Енді бір желі қолдануышылары оның атасы мен ерінің абыройына нұқсан келтірді деп санайды. «Қартайғанда қылық ашты» деп пікір білдіргендер де бар.

Десек те, кейіннен әнші Мәдина қазақтың ұлттық киіміндегі суретін салып, өз оқырмандарының алғысына бөленді. Оның сұлулығы мен ұлттық нақыштағы киімінің кереметтілігін айтқандар саны аз болған жоқ.

ERNUR.KZ

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет