«Хайптарыңды тиып алыңдар» деп әндеткен Әбдіжаппар Әлқожаға - "ХАЛЫҚТАН АРТЫҚ ЕМЕССІҢ"

0
4 446

Сөзін бұрмалап, теріс пікір қалдырғандарға ән арнаған Әбдіжаппар Әлқожа көпшілікке тағы жақпай қалды.


«Хайптарыңды тиып алыңдар» деп әндеткен Әбдіжаппар Әлқожаға -

фото: ашық дереккөзден

Тегін айтамын деп тегіс жұрттың сынына ұшыраған Әбдіжаппар Әлқожаның жаңа бейнебаяны жарық көрді. Ол өзі туралы ақпараттарды бұрмалап, теріс пікір білдіргендерге жауап ретінде жариялағанын инстаграмдағы өз парақшасында жазды.

«Хайптарыңды тиып алыңдар» деп әндеткен әнші осыдан біраз уақыт бұрын көптің сынына ұшыраған болатын. Алайда, өзіне тағылған айыптармен келіспейтінін де жеткізді . «Менің сөзімді бұрмалап кетті» деп ашынған әнші жігіт елге әнмен жауап беруді жөн санапты.

Сондай-ақ, елдің өзі туралы айтқан теріс әңгімелеріне жүйкесі шыдамайтынын шумақтарға тізе отырып, жариялаған бейнебаянда да дәл солай таратуын сұраған.

«Кейбіреудің сиырдай сүйкенгенін,
Жек көрсем де тозбайды жүйкем менің.
Жазғыштар көбейді ғой жаңалық қып,
Шығарар "мысық туып, ит өлгенін"...
Қәнеки, қайдасыңдар дәл осындай,
Жарықтық, хайперлер мен хэйтерлерім?!
Таратып жіберіңдер бұл әнімді,
Сондайға жақсы еді ғой икемдерің...!!!
..........
Осымен осы тақырыпты жабайық.

Мені ғайбаттағандарды мен!!! Мені Алла кешірсін. Бір Алланың алдында бәріміз әлсіз пенде. Кім не десе о десін. Өз Намысым, Ұлтсүйгіштігім, Қазақилығым ешқашан жүрегімнен өлмейді» деп пікір қалдырған.

Ал, оқырмандарға жас әншінің су жаңа бейнебаяны ұнамай қалды. Әбдіжаппар Әлқожаға «көптің алдында жүрген соң, пікірді де көтеруге тиіссің» депөз ойларын білдіріп жатыр.

«Абдіжаппар, кешірім сұрағаның дұрыс. Бірақ кешірім сұрай отырып өзіңді ақтай беруің, өзгелерді айта беруің, сұраған кешіріміңнің құнын көк тиын етеді. Кешірім сұрадың ба, басқа артық ештеңе айтпа! Халықтан артық емессің! Комментарийді оқитыныңа сенемін!» «Халықтың алдында жүрсің бе, көтересің халықтың сөзін. Халықтың ыстық ықыласы керек те, сөзі керек емес пе?», «Осы неге әншілер бір сынға ұшыраса болды соған байланысты ән шығарып, бейнеклип түсіріп тастайды», «олай ақталмашы, жігітше айтқан сөзіңе жауап бер болды ғой» деген пікірлер болды әлеуметтік желі қолданушылары тарапынан.