Халықтың көңіл-күйін көтеру үшін ойын ұйымдастырған Қайрат ұятқа қалды

0
1 286

Қайрат Нұртас достарымен бірге халық үшін сыйлықтар дайындаған.


Халықтың көңіл-күйін көтеру үшін ойын ұйымдастырған Қайрат ұятқа қалды

Танымал әнші, хитмен Қайрат Нұртас әлеуметтік желіде ойын ойнатамын деп көпшіліктің сынына қалды.

Ойын ойнатып, түрлі сыйлықтар тарататыны туралы әнші өзінің инстаграм парақшасына жазған.

"Біз сыйлықтар салынған қораптарды өз таңдауыңызға сай сыйлауды бастаймыз! Біз достарымызбен бірге осындай қиын-қыстау кезеңде сіздерді қуантып, көмектесу үшін АҚША және көптеген СЫЙЛЫҚТАР дайындадық! ⠀Біз достарымызбен бірге осындай қиын-қыстау кезеңде сіздерді қуантып, көмектесу үшін АҚША және көптеген СЫЙЛЫҚТАР дайындадық!" - деп жазады хитмен.

Алайда халық қиналып, ауруына шипа болар дәрі-дәрмек іздеп шарқ ұрып жүргенде, Қайраттың ойын ойнатамын деген жазбасы көпшіліктің ашуын тудырған.

"Осы сыйлықтарды ойнатқанша халыққа дәрі-дәрмекке көмек көрсетсе болмас па еді?Бір аппарат болса да алуға жететін ақшасы бар шығар?", "Саған адамның өмірінен өткен каробкаңның ойыны күшті болып тұр ма? Мынандай қиын кезде", "Той жоқ, ақша бітті енді гивке көштіңдер ма", "Халықтың Қайраты, осындай қиын қыстау кезде, бұл қай сасқаныңыз?! Халық қан жұтып отыр, Халыққа көмек ретінде аппараттар қажет болып жатқанда, Айнұр Тұрсынбаева Түркиядан елімізге салып жіберейін деп қайырымдылық жасап жатқанда, бір тойдан тапқан ең болмаса БІР ТОЙДАН тапқан табысыңызды сол қайырымдылыққа аударсаңыз, 1 штугы 250.000₸ болғанда сіз 5-6млн аударсаңыз қангама аппарат түсер еді", "Сендер елді мазақ етіп отырсың дар ма, оданда дәрі ойнатыңдар. Неге ерігіп жатырсыңдар айналайындар ау", "Қайратжан -ау! Бұл сыйлықтарыңның орнына, ана аурулар дем ала алмай жатыр ғой, аппарат жоқ оданда соны əпермейсің бе?" - деп жазады оқырмандар.