«Кімнің мамбет екенін түсіндіңдер ме?!»: Жан Ахмадиев Филипп Киркоровтың концертіне барғандарды сынап тастады

0
7 054

«Сахнаға жалаңаш шықты»


«Кімнің мамбет екенін түсіндіңдер ме?!»: Жан Ахмадиев Филипп Киркоровтың концертіне барғандарды сынап тастады

7 қараша күні ресейлік әнші Филипп Киркоров Алматыда концерт берді. Нұр-Сұлтан қаласында өткен концертінде қазақша сөйлеп, елдің назарын аударды деген шетелдік әнші бұл жолы оңбай сүрініп, көптің сынының астында қалды. Біріншіден, шоу жасаймын деп сахнада шалбарсыз, жартылай жалаңаш қалды. Екіншіден, шоуы ойдағыдай шықпағаны үшін, әншіге ескертпегені үшін көрермендер арасында отырған өз директорын гүлмен жіберіп ұрған.


Орыстың атақты әншісінің оғаш қылығы түсірілген видео әлеуметтік желіні шарлап кетті. Осыған қатысты желі белсенділері, блогер, журналистер үн қосуда.


«Қазақ батырының киімін кигеннен кейін руxтанып кеткен-ау. Саспайды ғой сабазың.

"Король-то голый" дегізетін шоу жасап, әншіге ескертпей жалаңаш қалдырғаны үшін өз директорын ұрыпты деседі. Саxнаның артында сабамай ма, шоумен десе.

Ресейдің Украинаға соғысынан кейін азаматтары агрессивті боп кеткен секілді (Просто, подари мне один "шапалақ")», - деп жазды журналист Дәурен Дариябек.


Тағы бір журналист Айдар Қырықбай: «Мына шошқаны кім шақырды Алматыға? Көрерменді сыйламаған үшін концертті ұйымдастырған адамды жауапқа тарту керек» деп кесіп айтты.


Белгілі блогер Жан Ахмадиев «Ресейлік жұлдыздарды құдай санап, біздің өнерді “МАМБЕТИЗМ” дейтін мәңгүрттер - КІМНІҢ МАМБЕТ ЕКЕНІН ТҮСІНГЕН ШЫҒАРСЫҢДАР?!» деп Киркоровтың концертіне барғандарға сөзін арнады.





Ал Филипп Киркоровтың директоры Екатерина Успенская 7 қарашада Алматыда өткен концертте әншініңраушан гүлдерімен кімді және не үшін ұрғанын былай деп түсіндірді.


Талқыға түскен бұл бейнероликтерге байланысты әншінің директоры пікір білдірді. Ол көрерменді емес, өз командасының мүшесін ұрғанын айтты.

«Гүлмен ұрған біздің командадағы адам. Ол жанкүйерлерді сахнаға жібермеген», - деді Екатерина Успенская.