«Киркоров болса итеріп жіберер еді» : Тыңдарманы Қуандық Рахымның құшағына кіріп кетті

0
1 598

«Хюррем ғой мынау!»


«Киркоров болса итеріп жіберер еді» : Тыңдарманы Қуандық Рахымның құшағына кіріп кетті

Эстрада әншісі Қуандық Рахымның Ақтөбедегі концертінде қызық жәйт орын алды. Алдыңғы қатарда отырған тыңдарманның бірі ойламаған жерден сахнаға аптыға жүгіріп шығып, әншіні құшақтап алды. Жанкүйер қыздың оқыс әрекетін күтпегенмен, Қуандық қызды жатырқаған жоқ. Құшақтаған күйі «Бізге дейін, кейін де ағар ағыс қанша, арпалысқан өмір-ай арыстанша!..» деп әнін жалғастыра берді.

Бұл қызықты жағдайды эстрада жұлдызы өз парақшасында бөлісті.



Ал Қуандықтың тыңдармандардың пікірі бұл жағдай турасында екіге бөлінді.

Бірі «Сағынышы көрініп тұр», «Жарайсың. Дұрыс қой, өмір бойы армандап жүргенше бір рет көргені, батыл қадам» деп қолдаса, екіншілері «Кыздар, түсінбеймін, бөтен еркектің құшағына жабысып, ұят емес пе?!», «Сен оның өзіне емес, әніне ғашық болуың керек», «Біртүрлі ерсі көрінеді» деп қыздың қылығына сын айтты.