"Кішісі әкесіне, үлкені анасына ұқсайды": Желі оқырмандары Гүлнұр Оразымбетованың ержеткен ұлдарына тамсанды

0
10 895


Әдетте өзінің жеке өмірі туралы көп сөз етпейтін Гүлнұр Оразымбетова желіге екі ұлының суретін жариялады. Суретпен бірге "Біздің үйдің жігіттері! Бала-шағамыздың қызығын көру бұйырсын,баршамызға" деген жазған.

Ержеткен ұлдарының суретін көрген әншінің тыңдармандары тамсанып, ізгі тілектерін жаудырған. "Алла балаларға денсаулық,күш-қуат берсін! Тек амандық болып солардың қызығын көруді жазсын" және "ұлдарыңыз сүйкімді, әдемі екен" деген пікірлер қалдырған.

Әнші отбасының суретін жиі салмаса да ара-тұра ұлдарының қызығушылықтарымен бөлісіп тұрады. Одан екі ұлының да өнерлі екенін байқауға болады. Мысалы үлкен ұлы күйсандықта еркін ойнаса, кішісі - керемет домбырашы.