"Қолы сынып, басы жарылған": Сиви Махмуди жол апатына ұшырады

0
2 593

Өткен демалыс күндері орын алған жол-көлік оқиғасының суреттері мен видеосы жарияланды.


ERNUR.KZ. Әнші Сиви Махмуди өз көлігін тізгіндеп келе жатып жол апатына түскен. Жол апаты салдарынан шамамен үш автокөлік зақымданған.

Куәгерлер оқиға орнынан түсірілген фотолармен бөлісті. Олардың сөзінше, жол-көлік апатына ұшыраған "Порше" көлігінің рөлінде қазақстандық танымал әнші Сиви Махмуди болған.

- Әнші Сиви Махмуди жол-көлік апатына ұшырады. Екі қолы сынып, басы жарылды. Сивидің өзі көлік рөлінде болған, - дейді куәгер.

Видеодағы кадрлардан соқтыққан екі көлікті көруге болады. Алайда, куәгерлердің айтуынша, жол апатында үш автокөлік соқтығысқан.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Дереккөз: Zakon.kz