Қонақ үй қызметшісімен ән салған Жазира Байырбекованың видеосы хитқа айналды (видео)

0
3 825

"Өнер жолы Жаңылға бақыт сыйлай ма, жоқ па?"


Қонақ үй қызметшісімен ән салған Жазира Байырбекованың видеосы хитқа айналды (видео)

Танымал әнді Жазира Байырбекова қонақ үй тазалаушысымен бәрге ән салған видеосын жариялады. Онда қызметшінің дауысының керемет екенін аңғаруға болады.

Әнші видеомен бірге "Талант бар таныс жоқ” деген мақал жалқаулардың мақалы. Қызығушылық пен талпыныс болса, таныссыз ақ бәрі болады. Адам емес ең бастысы - Алла қолдасын! Әлеуметтік желідегі халық өнерліні өзі-ақ көтереді. Жаңылдың кім болғысы келетінін әзірге білмейміз. Қазірше қонақ үйде тазалаушы. Өнер жолы Жаңылға бақыт сыйлай ма жоқ па ол да сұрақ..." деген жазба қалдырды.


Мұны көрген желі оқырмандарының таңданысын да шек жоқ. Бірі әншінің қарапайымдылығын айтса, көп білігі Жаңылдың дауысына таңданып, жақсы пікірлерін жазуда.

"Керемет. Бағын ашуға көмектесіңізші. Керемет талант иесі ғой. Небір дауысы жоқ әншілер компьютермен өңдеп шығып жүр. Ал мына қыз талантты екен", "Қыздың, өнері бар екен. Сыңғырлаған даусы бар екен. Тамаша. Талант бар, таныс жоқ болғаны ма? Дегенмен жақсы орындап шықты" деген пікірлерін қалдырған.

Әнші де оның өнеріне тамсанса керек, екінші рет тағы бір видеосын жариялады.