"Көңіл-күйім жақсы болмай тұр": Мақпал Жүнісова тыңдармандарын алаңдатып қойды

0
818

Ол бұл туралы өзінің желідегі парақшасында айтты.


Халықтың ерке қызы Мақпал Жүнісова өзінің парақшасында белгілі продюсер Гүлзира Айдарбеованы туған күнімен құттықтап, бірақ кешіне бара алмайтынын айтқан. оған себеп - әншінің көңіл күйінің болмауы.

Дәлірек айтсақ, "Гүлеке туған күніңіз жыл сайын тойлана берсін,ғұмырлы болыңыз,отбасыңыз аман болсын,кешке шақырғаныңызға рахмет,бүгін өзімнің көңіл-күйім жақсы болмай тұр,келе алмаймын,ренжімеңіз!" - дейді Мақпал Жүнісова.

Ал оның тыңдармандары әншінің көңіл күйінің болмауына соңғы кезде желіде тараған ақпараттар себеп болуы мүмкін деп ойлайды. Сондықтан олар "Мақпал анау-мынау әңгімені көңліңе алмаңыз. Алла біледі кімнің кім екенін. Көңіл күйді түсірмеңіз, сіз мықты әйелсіз", "Мақпалжан көңіл күйіңіз түспесін ауырмаңыз.Бес саусақ бірдей болмаған сияқты адамдарда әртүрлі,көңіліңізге қаяу түспесін жүрегі жан дүниесі таза жандар біреудің іштарлығын ауыр алып қалады.Жайнап аман жүріңізші.Біздіңде көңіліміз түсіп қалды", "Мақпал өтірік әңгімеге бола көңіл күй түспесін жаксы адамнан еркек кетпейді сіз мықтысыз көңіл-күй түспесін" деген тілектестіктерін жазып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, Себебі Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі сұқбат беріп, ол өз сөзінде Мақпал Жүнісова туралы жағымсыз пікірлер айтқан.