«Қорқынышты түс көріп жатқандаймын»: Ләйлә Сұлтанқызы күйеуі қайтқан соң алғашқы рет жан сырын ақтарды

0
1 953

«Ештеңеге шамам да, мүмкіндігім де жоқ»


«Қорқынышты түс көріп жатқандаймын»: Ләйлә Сұлтанқызы күйеуі қайтқан соң алғашқы рет жан сырын ақтарды

Кеше Алматыда қоғамдық денсаулық сақтау саласының қайраткері, елінің қамқор ұлы, кәсіпкер Қайрат Шерәліұлы Беркінбаевты соңғы сапарына шығарып салды. Қайрат Шерәліұлы танымал тележүргізуші, журналист Ләйлә Сұлтанқызының өмірлік жолдасы. Күйеуінің мезгілсіз қазасынан соң тележүргізуші алғашқы рет жан сырымен бөлісті.


«Менің Қайрекем…

Соңғы үш күн түсім сияқты. Сенгім де, мойындағым да келмейді.

…Отасқанымызға 16 жылдан асты. Еркелетті, икемдеді, үйретті. Енді ғана, міне, ұлдар өсті дегенде…

Іштегі сезімімді айтарға сөзім, жазарға әріптерім де жетпейді. Қалдырған ізі, атқарған ісі көп, әлі де қанша жоспары бар еді… Олар туралы айтуға да қарсы болатын. “Алладан қайтады”, - деп ауыз ашқызбайтын. Сіздерге де жиі айтпайтын себебім осы еді.

Қазір де иісі мұрныма келіп, сөзі құлағымда ойнап, көз жасым тоқтамай, қорқынышты түс көріп жатқандаймын. Ағамның кеткеніне көп болмап еді, ал енді бәйтерегім құлады…

P.S. Көңіл айтып, жазып жатқан баршаңызға рақмет. Қазір отбасымыз үшін өте қиын уақыт, балалар үшін екі есе қиын. Ештеңеге шамам да, мүмкіндігім де жоқ. Тәнім мен жанымды, миым мен күйімді жүйелеп алғанша түсіністікпен қарауларыңызды шын жүректен өтініп сұраймын», - деді ол.



Желідегілер Ләйлә Сұлтанқызы мен балаларына, жақын туыстарына қазаға көңіл айтып жатыр.


«Алла тағала өзіңе күш-қуат берсін, Ләйла! Уақыттан басқа еш нәрсе жұбата алмайды-ау.
Қайрат ағаның жаны жәннатта болсын», «Алла алдынан жарылқасын! Қос қанатың аман болсын!!!», «Ляйляш, жаным, бекем бол! Екі ұлыңа, Анаңа, жақындарыңа, бізге керексің, Қайреке, өте тамаша Азамат еді. Жатқан жері жайлы болсын! Жаны жәннатта шалқысын!»
деген сияқты пікірлерді қалдыруда.