«Көзімнің жасын тыя алар емеспін»: Айнұр Тұрсынбаева Асанаәлі Әшімовке әсерлі жазба арнады

0
2 095

«Кеудеме өксік тығылып, егіліп жылап отырмын»


«Көзімнің жасын тыя алар емеспін»: Айнұр Тұрсынбаева Асанаәлі Әшімовке әсерлі жазба арнады

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева желіде Асанәлі Әшімовке әсерлі жазба арнады. Халық әртісінің баласына шығарған «Құлыным» әнін естіп, егіліп жылағанын айтты.



«Бар қайғы-мұңын осы әнімен шығарған екен ғой Асанәлі ағам. Аллам сабыр берсін. Я Раббым, бала қасіретімен сынай көрме! Кейде миллион табамыз деп балаларымызға уақытымыз жетпей жатады. Шындап келгенде балаға мейірімнен басқа ештеңе керек емес екен ғой. Қартайған шалдан қанша ақша жинадың деп емес, неше немерең бар деп сұраймыз. О дүниеге барғанда да артымыздан құран бағыштайтын осы балаларымыз аман болсын!», «Сынамасын... өте ауыр... ешкімге тілемеймін ондай сынақ...», «Ағамыз жылдар бойы мұң мен зарын ішіне сақтап келген, сыртқа білдіртпей мойымай келген нағыз азамат екен!», «Көзіме еріксіз жас келді» деп жазды желі қолданушылары.