Көзін жұмып сурет салған қазақстандық әлемді таң қалдырды (видео)

0
17 030

Ол әлемдегі таңғажайып адамдардың ондығына енді.


Көзін жұмып сурет салған қазақстандық әлемді таң қалдырды (видео)

Қазақстандық танымал суретші Ренат Елубаев Ресейде өткен "Удивительные люди" телешоуына қатысып, әлемді таң қалдырды.


Ол туралы суретшінің өзі фейзбуктегі парақшасына "Сүйінші!) Халықаралық "Удивительные люди" теле жобасында финалға өтіп, жоба бойынша əлемдегі таңғажайып адамдардың ондығына кірдім. Осыған да шүкір" деп жазып, жобаның бейнежазбасын бөлісті.


Ренатқа байқау кезінде суреттің қиындыларын көрсетіп, көзі байланған қалпы төрт минут ішінде сол картинаны салуды тапсырған. Әрі оны суретші тамаша орындап шығады. Мұны көрген шоудың қазылары да, желі қолданушылары да таңданыстарын жасыра алмады. Барлығы дерлік Ренаттың өнеріне тәнті болып, шығармашылық табыс тілеп жатыр.

Астаналық Ренатты көпшілік суретші және кинорежиссер ретінде жақсы таниды.



Фото желіден алынды

ERNUR.KZ