«Құдай енді бұл жігітке терезеден береді»: 3 жасар қызды құтқарған жігіт желідегілерді сүйсінтті

0
4 512

«Ақшасы жоқ болса да, жүрегі бар»


«Құдай енді бұл жігітке терезеден береді»: 3 жасар қызды құтқарған жігіт желідегілерді сүйсінтті

Нұр-Сұлтан қаласындағы көпқабатты үйдің сегізінші қабатының терезесінен ілініп тұрған 3 жасар қызды құтқарып қалған қызылордалық Сәбит Шонтақбаев бейбіт күннің батырына айналды. Жетінші қабатқа досы Сағи екеуі жүгіріп көтеріліп, ойланбастан жетінші қабаттың терезесіне шығып, сегізінші қабатта ілініп тұрған қызды қағып алған. Ол батыл әрекеті үшін «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Желідегілерді сүйсінткен жігітке жан жақты қолдау көрсетілуде. Айтыскер ақын, қоғам қайраткері Мұхамеджан Тазабек бір адамның өмірін сақтап, өлімнен құтқарып қалу – адамзатты құтқарғандай сауапқа тең екенін алға тартады. «Бөтен біреудің қауіптегі баласы түгілі, өз үйіндегі бейбіт жүрген бала-шағасына тыныштық бермейтін әкелер жайлы талай естіп, тауымыз шағылып жүрген заманда мына оқиға - еңсемізді көтеріп, ет жүрегімізді елжіретіп, елдігіміздің үмітін үлкейткен әрекет болды», - дейді ол.


Ал белгілі журналист, блогер Мөлдір Анарбаева «Батырсың жігіт! Сенің ақшаң жоқ болса да жүрегің бар! Құдай сені арнайы жіберген. Жүрегің тарсылдамай көру мүмкін емес. Құдай енді бұл жігітке порточкадан береді» деген жазбасын қалдырды.