"Күйеуімді қызғандым": Мәдина Сәдуақасованың шығыс биі желіні жарды (видео)

0
11 624

Оқырман: "Сізге біреудің назары жетпейді".


Отбасымен демалыста жүрген Мадина Сәдуақасова өзінің мың бұралып билеген видеосын желіге жариялады. Оған қосымша ретінде, "Бүгін шығыс би билеген қыздан Олжасты қызғандым. Назарды өзіме аудару үшін ба , әлде көңіл күй күшті болып билегім келді осылай ..??! Қалай?" деген жазба қалдырды.


Оны көрген оқырмандары оның шабыттанып билегеніне және сұлулығына тәнті болып, "Сіздей красавица тұрғанда, Олжекең ана шығыс қызды неғылсын?", "Мадина, қазақ қызының сұлулығына ешбір елдегі қыздың әдемілігі жетпейді, сіз сұлусыз!", "Енді басқа келіншектер жігіттерін сізден қызғанып билеп кетпесе..." деген сынды пікірлерін жарыса жазуда.

Арасында "Оластың көзі бәрібір басқа жаққа кетіп қалып жатыр ғой" деп әзілдегендер мен "Сізге қолдау мен назар жетпейді" деп жорамал жасағандар да бар.