"КҮЙЕУІҢ КӨЗІҢЕ ШӨП САЛМАСЫН ДЕСЕҢ": Белгілі журналист әйелдерге кеңес айтты

0
4 473

Ол бірнеше себептерді түзіп берген.


Өзін нумеролог, кәсіпкер ретінде танытқан журналист Айнұр Асанберді оқырмандарына пайдалы кеңес айтты. Оның ойынша күйеудің кетуіне төмендегідей әдеттер себеп болады екен.

"КҮЙЕУІҢ КӨЗІНЕ ШӨП САЛМАСЫН ДЕСЕҢ! Қыздар, еркекті ұстап қалудың, өкінішке орай, арнайы формуласы жоқ.
ЕСТЕРІҢІЗДЕ БОЛСЫН, ер адам ешқашан өзге әйелге кетпейді, ол жанындағы жайсыз әйелден кетеді. Көбіне қандай әйелдер изменаға душар болып жатады???

Өзіне-өзі қарамайтын қыздар.
Жігітіңізбен жүріп жүрген кезді еске түсіріп, айнаға барып қазіргі түріңізге мән беріңіз. Күнде хош иіс себініп, шашты жасауды айтпай-ақ қояйын, үстіміздегі киімге қарамай кетеміз. Бала-шағамен алысып, мультфильмдегі бес баласы бар маймылдан аумай қалатын кездеріміз де болады.
Өзін тастап жіберген әйелден ер адам түгілі, өзіміз тартынып тұрамыз.

Шүкірлігінен күпірлігі көп әйел.
Өмірі еш нәрсеге көңілі толмайтын, қанағатсыз, титтей нәрсеге қуана алмайтын келіншектен ер адамның күндердің күнінде жүйкесі жұқарады.

Қолдау беріп, сырлас бола алмау.
Жолдасыңның әр ісінен мін іздеп, сын айтып отырсаң, мүмкіндіктеріне сенімсіздікпен қарап, қолдау бере алмасаң, көп ұзамай оған демеу беріп, қанат бітіретін ару міндетті түрде табылады.

”Ана” рөліне еніп алу.
Күйеуіңнің жағдайын жасаймын деп шектен шықпа! Нәзіктігінді, әлсіздігіңді ұмытпа.

Өзіңді дамытпау.
Ер адамды біркелкілік жалықтырады. Оқылып қойған ескі кітаптай бір орында қалып кетпей, үнемі жаңа ақпаратқа, жаңа ілімге ашық бол. Түрлі курстардан өтіп тұр, деградацияға бой берме.

Еркектің жан сарайы да, хан сарайы да - әйел. Жолдасыңның сырласы, көңілдесі, қамқоршысы да өзің бол. Әйелге қырық айла мен қырық жанды құдай бекер бермеген. Жігітіңмен бақытты да, баянды ғұмыр кешемін десең, жұмысты өзіңнен баста!

Сіздің ойыңызша ер адамды изменаға тағы қандай дүниелер итермелеуі мүмкін?
" - дейді Айнұр Асанберді.



Оның бұл жазбасын оқыған әйелдер қауымы қызу пікірталас жасаған. Олардың кейбірі қандай жаңдай болса де кетпейтінін айтса, кейбірі бәрін жасаса да күйеуінен сатқындық көргендерін жазған.