​Күйеуіне «Ақ патшам!» деп ән арнаған Роза Әлқожа көпті сүйсінтті (фото)

0
9 807

Роза Әлқожаның күйеуін «Ақ патшам» деп атағаны көпке ұнаған көрінеді.


​Күйеуіне «Ақ патшам!» деп ән арнаған Роза Әлқожа көпті сүйсінтті (фото)

Әдемі әнімен қашанда той ортасынан табылатын Роза Әлқожа күйеуіне арнап ән шығарды. Бұл туралының әншінің өзі бүгін ғана инстаграм желісіндегі парақшасында жариялап, суретті слайдпен жариялады.


Айта кетерлігі, әншінің айтуынша, әнге слайдты күйеуінің өзі жасаған сыңайлы.

Ал оқырмандардың көпшілігіне Роза Әлқожаның күйеуін «Ақ патшам» деп атағаны ұнаған көрінеді.

«Әр әйелдің өз патшасы бар. Күйеудің разылығында Алланың разылығы бар екен. Ол әйелі үшін ахиретте жауап беретін жауапкершілік иесі.
Ол - өз отбасының әміршісі. Әдетте жігіттер нәзік жандарға әннің түр түрін арнап жатады. Біз де оларды патшаға теңесек артық емес шығар?!
"Менің мөлдір әлемімнің патшасы" атты жаңа әнім жарық көрді.
Әр келіншек өзінің ақ патшасына арнап айтуына болады.
Мына слайдты әнге шаттанған кейіпкерімнің өзі жасапты. Қабыл алыңыздар!»,
деген әншінің жазбасы көптің те көңілінен шықса керек, оқырмандары разылыққа толы пікір жаудырып жатыр.


ERNUR.KZ