«Күлге аунап туам ба?»: Ерке Есмахан өзін аяғы ауыр деп болжағандарға жауап берді

0
1 770

«Енді жігітпен жүрмеймін!»


«Күлге аунап туам ба?»: Ерке Есмахан өзін аяғы ауыр деп болжағандарға жауап берді

Ерке Есмахан жеке өміріне қатысты құпияның сырын ашты. Әнші Қайрат Нұртастың Мальдив аралдарында өткен туған күніне барғанда көптеген фото, видеолар жүктеген болатын. Сол видеолардың бірінде сүлгіге оранған өнер иесін желідегілер дұрыс қабылдамаған сияқты. Яғни, Ерке Есмаханның аяғы ауыр ма деген сияқты сауалдар қойған.

"Жігітім жоқ! Енді жігітпен жүрмеймін деп айттым ғой сіздерге! Жігітпен жүрмеген соң, күйеуге де шықпаймын деген сөз. Талып құлап, онсыз өмір сүре алмайтындай біреуге ғашық боп жатсам, көрерміз. Жүрегім тыныш", – деді Е. Есмахан.

Сондай-ақ әнші өзін аяғы ауыр деп болжағандарға жауап берді.



"Аяғым ауыр емес. Бұл тек ішімде орамал жиналып тұр. Жігітім, күйеуім жоқ! Күлге аунап туам ба?" – деді Ерке.