Қытайда Димаштың ерекше суреті пайда болды- "Бұл не МАЗАҚ? Сотқа беру керек"(ВИДЕО)

0
6 207

Көпке танымалы қазақ баласының ауызынан неге субұрқақ ағызып қойған?


Қытайда Димаштың ерекше суреті пайда болды-

Фото: ғаламтордағы ашық дереккөзден

Әлемдік сахналарды өнер көрсетіп жүрген Димаш Құдайбергеннің Қытайда ерекше суреті пайда болды. Ол, жай сурет емес. Қызығы сол, Димаштың ауызынан субұрқақ жасап қойған. Бұл туралы әнші өзінің инстагарм парақсашына жанкүйерлерінен келген видеосын жүктеді.

Осыған дейін Димаш Құдайбергеннің суретімен түрлі жарнамалар жасалған болатын. Ал, бұл жолғы аспан асты елінің тұрғындарының қиялында шек жоқ екен деп әншінің өзі таңданыс білдіріп жатыр.


Димаш Құдайбергеннің бұл ерекше суретін жанкүерлері әр түрлі қабылдап жатыр. Бірі "Бұл не мазақ, мүмкін сотқа беру керек шығар"-деп дабыл қағып жатыр. Ал, енді біреулері бұл суретті жетістікке балады. " Бұл деген танымалдылықтың беллгісі", "Есесіне қызық. Бұл реклама секілді ғой", "Қытайлықтардың шығармайтыны жоқ", - деген пікірлер бар. Ал, өз ауызынан су ағызып қойған қытайлықтарға Димаш ренжімеген секілді.

ERNUR.KZ