Қызға айналған Нағима Есқалиеваның ұлы желіде қызу талқыға түсті (видео)

0
2 682

Көпшілік Диастың қыз бейнесін анасының жас кезіне ұқсатқан.


Қызға айналған Нағима Есқалиеваның ұлы желіде қызу талқыға түсті (видео)

фотоколлаж nur.kz. интернеттен

Елімізге танымал белгілі әнші Нағима Есқалиеваның ұлы, Диас Аблаев тағы да елден ерекше бейнебаянымен халықтың назарын аударды. Алдыңғы бейнебаяндарында қойларға шам байлап, сиырмен билеп, қыздармен төбелесіп жүретін жас жігіт бұл жолы қыз кейпінде шығып, желіні шулатты.

Су жаңа бейнебаян "Boom" деп аталады.Оның жаңа музыкалық туындысы Gakku TV телеарнасының Youtube каналында жарияланды. Қыздың киімін киіп, шаш жалғап шыққан Диастың бейнебаянын тамашалаған оқырмандарының пікірі екіге бөлінген.


"Ер адам ер адам болып қалу керек. Хайп үшін мұндай деңгейге түсу өте ұят" , Масқара, қарауға да ұяласың" , "Ұят, айтарға сөзім жоқ" ,"Еуропаға ұқсап бара жатқан сияқтымыз. Мен қыз бала ұлдың киімін кисе, түсінер едім. Бірақ ер адам қыздың киімін киіп тұр ғой. Кешіріңіздер, бұл мүлде ақылға қонымсыз. Мұны өз басым түсінбеймін",
- дейді оқырмандар.

Алайда, аталмыш бейнебаян көңілінен шыққан тыңдармандар да жетерлік.

"Үнемі креативті таңдайсың, жарайсың" , "Диас сен ерекшесің" , "Күлкіден өлдім" , "Мына клипті қарап, соңына дейін тоқтамай күлдім" , "Тамаша идея. Жақсы жұмыс" , "Тек қана алған" , "Ооо, үнемі осындай ерекше стиліңмен елді таңқалдырасың", "Айтқандар айта берсән. Көре алмайтындар ұяттан басқа ештеңе айтпайды", "Тек алға. Біз сені қолдаймыз" - деп жазады желі қолданушылары.


ERNUR.KZ.

Караван жаңалықтары - https://kaz.caravan.kz/zhangalyqta