"ҚЫЗҒАНАМЫН" - Нұржан Керменбаев Салтанатты кімнен қызғанатынын ашып айтты

0
4 297

Халыққа "Қапқарашка" лақап атымен танылған Нұржан әріптесі Салтанат Бақаеваны әнші жігіттерден қызғанатын болып шықты.


Фото: ғаламтордағы ашық дереккөзден

"Арнау" тобының әншісі Нұржан Керменбаев өзімен бір топта жұмыс жасайтын Салтанат Бақаеваны Қуандық Рахымнан қызғанатын болып шықты. Бұл туралы әнші "Хабар" арнасындағы "Ережесіз әңгіме" бағдарламасындағы сұхбатында айтты, деп жазады ERNUR.KZ тілшісі.

Концерттердің бірінде Салтанат әнші Қуандық Рахыммен бірге өнер көрсеткен. Оны көрген Нұржанның бойында қызғаныш сезімі бой көтерген. Сырт көзге байқатқысы келмегенмен, сұхбат барысында әңгіменің басы ашылып, қызғанғанын жасырмады.

"Қызғанар едім. Мысалы, бір жобада мен Айдана Меденовамен айттым, бірақ, Салтанат менің жерлесім, інім Қуандық Рахыммен айтты. Соны көрдім де, іштей қызғандым, алайда оны ешкімге білдіртпедім", - деді әнші.

Көп жылдардан бері бір топта өнер көрсетіп жүрген Нұржан мен Салтанат - отбасылық достар. Солай бола тұра бірін-бірі қызғанғанын көпшілік "махаббаттың самалы бар" деп түйеді.

"Шындықты мойындауда өнер, айтып салды жасырмай", "Нұржан кезінде Салтанатты жақсы көрген, әлі де жақсы көреді", "Өзіңнің әйелің емес қой, несіне қызғанасың, әйеліңнен саған лайығы жоқ" деп көпшілік көкейіндегі пікірлерін қалдырған.

Әдемі әндері ел құлағында жатталған "Арнау" тобының солисті елдің бұл пікіріне де жауап берді.

"Мен Салтанатты жарым, әйелім сияқты қызғанған жоқпын. Өнердегі ұжымдасым ретінде қызғаныш болды. Мен оны жасырмаймын. Сол сияқты Салтанатта да осындай сезім болатын шығар", - деп жеткізді өз пікірін Нұржан Керменбаев.