Ләйлә Сұлтанқызы: "​Сауығу үшін семірдім"

0
3 177

Ләйлә Сұлтанқызы: "Енді мұндай денсаулықпен "смело" бала көтеруге болады".


Ләйлә Сұлтанқызы:

Корей елінде жүрген танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызы өзінің қуанышты жаңалығымен бөлісті. Емделуге барған журналистің денсаулығы жүз пайызға сау болып шыққан. Бұл жаңалығын желіде бөліскен журналист енді бала көтеруге болатынын да айтты.

Ләйлә Сұлтанқызы: "Сауығу үшін семірдім, әйтпесе болмайды екен... Осыдан 3 жыл бұрын бастан бақайға дейін толық тексерістен өткен едім. "chekup" қорытындысы бойынша денсаулығымнан 4-5 кінарат анықтаған. Соның екеуінен ғана мысал келтірейін. Дәрігерлер берген нұсқаулықты бүгінге дейін дұрыс орындауға тырыстым: дұрыс тамақтандым, спортпен шұғылдандым, стресске бой алдырмадым, көңілді жүруге тырыстым, нәтижесі мынадай :

2016 жылы маған нефраптоз диагнозын қойған еді. Яғни, оң жақ бүйрегім сәл төмен түсіп тұрған. Дәрігер спортпен шұғылданып, кішкене салмақ қосуға кеңес берді. Бүйрегім орнына келсін деп спортпен тұрақты түрде айналыстым және семірдім +3 кг. Содан бүйрегім де, оны уайымдаған жүрегім де орнына түсті.

Бұл пункті ер азаматтар оқымай-ақ қойса болады, әйелдердің әңгімесі.
Жыл сайын маммография мен УЗИ-ден қатар өту керек деген ескертуге құлақ аса бермейтініміз рас. Олардың да нәтижесі дұп-дұрыс шықты, шүкір.
Сонымен 2019 жылғы тексеріс денсаулығымның 100% сау екенін көрсетті. Енді мұндай денсаулықпен смело бала көтеруге болады, бұйыртса. "Chekup"-тың пайдасы да осы. Уайымдап келіп, алаңсыз қайтатын болдым, Аллаға шүкір!".


ERNUR.KZ