"Мәдина әпкеміздің дауысын естігендей болдық": Сәкен Майғазиев жүрек елжірететін видео жариялады

0
1 994

Жас қыз әншіні несімен таңғалдырды?


Белгілі эстрада жұлдызы, атақты "Музарт" тобының әншісі Сәкен Майғазиев әлеуметтік желідегі парақшасында өзін таңғалдырған қыздың видеосын жариялады.

Жазбада қыздың өнер мектебіне іріктеу кезеңінен өтіп тұрғаны жазылады. Кішкентай қыз қазақтың жезтаңдай әншісі Мәдина Ералиеваның дауысын айнытпай салып, "Кірмеші жиі түсіме" атты әнін орындаған. Оның талынтына тәнті болған Сәкен "Кәусәр қыз Мәдина Ералиева әпкемізге пародия жасап, ҚАЗАҚтың Ақ Баянына деген сағынышымыз сейіліп, дауысын естігендей болып қалдық", - деп жазба қалдырған.

Әлеуметтік желі белсенділері де жас қыздың өнеріне тәнті болды.

"Дауысы керемет! Алла берген дарыны бар", "Керемет! Мадинаның дәл өзі! Талабына нұр жаусын", "Мадина ол кайталанбас талант қой. Жаткан жері жайлы болсын. Керемет сұлу әрі даусы бұлбұл еді. Ал, мына балапанға айтарым тек сәттілік!!!" деп жазды желі қолданушылары.