"Маған айту парыз!": Әнші Әуелбекова жылдар бойы жасырған құпиясын жария етті

0
329

Әншінің құпия сыры оқырмандарының пікірін екіге бөлді.


Намазға жығылып, дін жолына түскенін айтқан әнші қанша жылдан бері ешкімге айтпай, жасырып келген құпиясын ортаға салды. Бұл туралы Мөлдір өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазған.

"Я, Раббым! Бір өзіңе сыйынамыз! Бір өзіңнен сұраймыз! Бір өзіңе мұқтажбыз! Бір өзіңе тәуелдіміз! Бір өзің қайырлысын білуші де, беруші де! Бір өзіңе тапсырдым! Неше жылдан бері жасырып келеген құпиям ашылды! Намаз! Оқыңыздар! Маған айту парыз! Жұма қабыл болсын! Алла тілеулеріңізді берсін! Бақыт құшағында болыңыздар! Жақсы көремін!" - дейді Мөлдір Әуелбекова.

Өнер иесінің намаз оқып отырған суретін көрген оқырмандарының пікірі екіге бөлінген.

Көптеген желі қолданушылары әншінің бұл ниетін қолдап: "Әр қашанда аман бол, бакытты бол. Сен үлкен бақыт иеси болуға лайықты жансың", "Ма Ша Аллах керемет жарасады сізге!", "Мөлдір сізге осылай журген жарасады", "Әумин! Мөлдір, ниетің қабыл болсын. Алға қойған мақсаттарың Алланың қалауымен орындала берсін!" - деп ізгі тілектерін арнаған.

Тек кейбір оқырмандары мұның жеке нәрсе екенін айтып: "Не болса, соған мақтанасың", "Намаз оқығаныңды айтуға болмайды", "Оң қолың істеген жақсылықты сол қолың білмесін. Сіз купалникпен халықтың алдына шығасыз, жайнамазда Алламен жүздесесіз. Сіздің намаз оқитыныңызды бір Алла білсін, ешкімге көрсетуге дəлелдеуге міндеті емессіз", "Не тірлік енді осы. Дәретханадағы, душтағы суреттеріңді де салсаңшы", "Мен түсінбеймін. Менің намаз оқып отырғанымды түсір деп айта ма?", - деп сынның астына алған.

ERNUR.KZ.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет