"Маған ғашық болған жігіттер әлі де бар" - Роза Рымбаеваға кімдер ұсыныс жасады?

1
2 386

Халық әртісі Роза Рымбаева өзіне ұсыныс жандарардың қолын неге қайтарды?


фото: ғаламтордағы ашық дереккөзден

Әнші Роза Рымбаеваның жолдасының қазасынан кейінгі өмірі күрт өзгерген. Еріне еркелеп жүріп қолдаушысынан бір сәтте айырылған әншіге ұсыныс жасағандар көп болыпты. Бұл туралы қазақтың примадоннасы TalkLike жобасында берген сұхбатында айтты.

Екі атұстарымен жалғыз қалған әнші өмірлік жар етуге ұсыныс жасағандарды емес, балаларын таңдағаны маңызды шешім болғанын айтып өтті.

"Керемет бір күрт өзгертетін шешім қабылдадым деп айта алмаймын. Жеке басыма келгенде маған ғашық болғандар да болды. Маған "барлық дүниені жасаймын, бар жағждайыңды жасаймын, сені бақытты етемін" деген адамдар да болды. Кейбір адамдар ойлайды ғой, бұл кісі неге жалғыз жүр деп. Мен екі балам үшін өмірімді арнауға шешім қабылдадым. Осы күнге дейін осы жолмен жүріп келе жатырмын. Екі баламның ешкім әкесі бола алмайды", - деді Роза Рымбаева.



"Барын беріп, жүрегін ұсынғандар әлі күнге дейін кездесіп тұрады" дейді әнші. Жалғыздық ешкіге де жараспасын айтып, қартайған шағында басы бос жүрген жанмен үй болғанын қалайтындардың көбі өз жолдастары екен.

"Маған ғашық болған жігіттер әлі де бар. Былай айтқанда, біреулер, тіпті, мені таныстырғысы келеді. Менің жолдастарым ғой енді. "Осындай жігіт бар, жалғыз, жасы да келеді. Мәдениеті да саған сай" деп... Екеуің толықтырып, бірге жүріңдер деп. Мен бас тарттым. Себебі, өмірімнің жартысынан көп бөлігін балаларыма арнадым. Енді қанша өмірім қалды. Көбі кетіп, азы қалды. Қалған өмірімді балаларыммен бірге болайын", - деп сөзін аяқтады әнші.

Десе де, қалықтың әртісі қиын сәтте еркелей кететін халқының барында ешнәрседен мойымайды. Әрқашан да демеу бола білетін көплшілік, кезекті рет өз сүйікті әншісін қолдап пікір қалдырды.

"Роза апайымыз нағыз әнші, батыр ана... Қазақ халықын әлемге танытқан.. 2001жылы Венгрияға барғанымда сол жақтың кісілері Қазақстаннан келдім дегенімде Роза Рымбаеваны танитындарын айтқан", "Қайсарлы, дана, ішкі дуниесі бай, әрине өте әдемі жан. Қазақ қыздарына үлкен үлгі. Әрдайым Роза ханымның сұхбатынан кейін, жігерленіп қаламын. Роза ханым, сіздің аналық журегіңізге тамсанамын", "Керемет, мəдениетті жан екенсіз. Пейіліңізге қарай инабатты,салиқалы келіндер шаңырағыңыздың шаттығын кіргізсін", - деп жылы лебіздері мен ыстық ықыластарын жаудырып жатыр.

ERNUR.KZ