"МАҒАН КӨЗ ТИГЕН": Ержан Максимнің анасы ұлына көз тисе, аластайтын кісілерге апарады

0
1 956

Ержан Максимнің анасы тіл-көзден қалай қорғанатынын айтты


Фото: ғаламтордағы ашық дереккөзден

11 жасында атағы жарты әлемге танылған жас әнші Ержан Максимге көз тиетін жағдайлар жиі болады екен. Орын алатын келеңсіз жағдайды бірден сезетін ана жүрегі аластайтын адамдарға жүгінемін дейді. Бұл туралы әңгіме "Қарақатпен шәй" бағдарламасында өрбіді.

Ел үмітін арқалаған жас талант, талай дүбірлі додада бағын сынап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленіп жүрген. Сонымен бірге, тойда ән шырқап, қосымша табыс тапқан. Көпшіліктің алдында жүргеннен кейін көз тию орын алады дейді. Тіпті, бір тойда, бірден құлап қалған кезі болған.

"Оралда тойда жүргенде маған көз тиген. Сол кезде ресторанда мен құладым. Ән айтып тұрып құлап қалдым. Сосын мені бір апаға апарды. Көз тиген дегенде, папам енді не істейміз, өлең айтуды қосақ па екен, концерттерге қатыстырмай-ақ қойсақ па?- деп сұрады. Сол кезде ол апа: жоқ, бұл баланы ұстап тұра алмайсың. Бұл бала алға қарай кете береді деп айтты",- деді Ержан Максим.

Ал, анасы перзентінің назарланып қалғанын бірден сеземін дейді. Уақытты көп созбай молдаларға жүгінетінін де жасырмады.

"Тіл көзден қорқамыз, әрине. Бірінші Аллаға сенеміз. Кейде өзім де бірден сеземін. Балаға тіл тиіп, көз өткенде көздерінің асты көгеріп, сөйтіп кететін жағдайлар болып тұрады. Сондай жағдайда өзім рәсімдерін жасаймын. Аластайтын үлкен кісілерге алып барамыз",- деді Ержан Максимның анасы.

ERNUR.KZ