"Майкл Джексон қайта оралды": Қазақстандық пародист көрермендерді таң қалдырды (видео)

0
853

"Мұндай шоу болмаған" - дейді көрермендер.


Белгілі пародист, тамада Асқар Көмекбаев әлемдік жұлдыз Майкл Джексонның образын жасады. Ол Алматыда өткен концерттердің бірінде Майкл Джексон биін билеген, бұл туралы ол өзінің парақшасына жариялап, көпшіліктен қолдау сұраған.


Кейіннен сахнадан видео жүктеп, "Майкл Джексон сахнаға, қайта оралды! Концертке келген жандар барма? Қалай болды?" деп сауал тастаған.

Видеоны көрген көрермендер оның талантына риза болып, таң қалыстарын жасырмады. Олардың айтуынша, елімізде мұндай шоу әлі болмаған.

Сондай-ақ желі қолданушылары Асқар Көмекбаевтың әлі де еленбей жүргенін, болашақта үлкен сахнадан жиі көргісі келетіндіктерін жазды.