"Махаббатың үшін алғыс айтамын!": Ақан Сатаевтың бұрынғы әйелі сүйіктісімен түскен суретін жариялады

0
8 292

Естеріңізде болса, Ақан Сатаев пен жары ажырасқандары туралы өздері ресми жариялаған болатын.


Желіде белгілі кинорежиссер Ақан Сатаевтың жары Назира Бақаеваның жаңа сүйіктісімен түскен суреті пайда болды. Оны көпбалалы ана, көпшілікке "Қоштасқым келмейді" фильмі арқылы таныс Назира Бақаеваның өзі жариялаған.

Ол сүйіктісін туған күнімен құттықтап, оның барына, дүниеге алып келген анасына алғыс білдірген.


Мұны көрген желі қолданушылары "Сіздің жас махаббатыңыз пайда болған ба?", "Сіздерге бақыт пен жақсылық тілейміз", "Әдемі жұпсыздар деген секілді ақ тілектерін ақтарған.