«МАҚТАНШАҚ... кедейлерге мақтанғаныңыз ба?»: көпшілік Қайрат Нұртастың ӘКЕСІН сынға алды (ВИДЕО)

0
7 163

30 жасқа толған әнші Қайрат Нұртасқа інілері көлік сыйлады.


«МАҚТАНШАҚ... кедейлерге мақтанғаныңыз ба?»: көпшілік Қайрат Нұртастың ӘКЕСІН сынға алды (ВИДЕО)

Әнші Қайрат Нұртас 30 жасқа толды. Ол туған күнін ең қымбат мейрамханалардың бірінде дүркіретіп өткізіп, ең жақын адамдарына дастархан жайды. Әнші туған күніндегі қуанышты сәттерді видеоға түсіріп инстаграм парақшасына жүктеп отырса, ал әкесі Нұртас Айдарбеков Қайратқа інілерінің сыйлаған темір тұлпарын инстаграм парақшасында жариялап, жұртқа көрсетем деп, сынға ілікті.


Нұртас Айдарбековтың парақшасындағы оқырмандардың бір тобы:

«Осындаи ұлдарды өмірге əкелген ата-анасына Алла қуат берсін. Ұлдарыңның қызығын көріңдер», «Құтты болсын! Бауыр деген осындай болу керек!», «Алла ғұмырын ұзақ, бақытты етсiн! Сiздердiң дәрежелерiнiз бұдан да көтерілсiн», «Əрбір қазақ ағаларына осындай сыйлық жасайтын деңгейге жетсін», «Машинасын игілігіне мінсін», «Інісі бардың тынысы бар, құтты болсын», «Өте керемет, бақыт тілеймін», «Құтты болсын! Темір тұлпарларың тозса да, өзің тозба!»... деді.


Ал, екінші бір топ:

«Сол сыйлықты халыққа жарияламай-ақ беруге болады ғой. Халықтың қолдауымен осы дəрежеге жетті емес пе. Халық онсыз да біледі. Жай сыйлық жасамайтынын», «Осы мақтаншақтық дегенді қою керек қой, ұят», «Біреу тойып секіреді, біреу тонып секіреді, осындай әдеттеріңді қойсаңдаршы», «Қайраттың ақшасына келген көлікті несіне мақтанып тұр»... дейді.


Қайрат Нұртастың жаңа көлігіне қарап «Өмір деп осыны айт. Біздердікі жай ғана күнкөріс қой» деп қызыққандар да бар.

Иә, жұрт қызықты... құтты болсын айтты... сонымен қатар ашуланып, кейігендері де көп. Сіз ше, оқырман?


Фото мен видео: @aidarbekov_nurtas

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Сержанәлі Әлібек Ақботаға НЕГЕ қызыға ҚАРАЙДЫ? (видео)


Гауһар Әлімбекова: «Бостандықта жүрмейтіндей қоғамға қауіпті адам ба едім?!»


Жанияның видеосын көпшілік ПОРНОҒА теңеді (ВИДЕО)